«Қазақмыс» ЖШС Ұлытау облысындағы кеншілер наразалығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ресми ақпаратта өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Қазақмыс" корпорациясының 100-ден астам кеншісі ереуілге шықты.
Кеншілердің талабы: