×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ұлытау облысында "Қазақмыс" кеншілері ереуілге шықты

14.08.2023, 14:42
azattyq.org

Ұлытау облысында "Қазақмыс" корпорациясының 100-ден астам кеншісі ереуілге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап.

Кеншілердің талабы:

  • еңбек жағдайларын жақсарту;
  • ескі тау-кен-шахта жабдықтарын жаңарту;
  • шахталарға жұмысшыларды қабылдаудың ашылуы және жұмысшылардың жетіспеушілігінің себептерін түсіндіру;
  • кейбір мамандықтарды кенжарлық топқа қосу;
  • еңбекке жарамсыздық пайызын 29 дан 50-ға дейін арттыру,
  • барлық ақшалай үстемеақыларды жалақыға енгізу;
  • тікелей кенжарда жұмыс істейтіндер үшін демалысты 48-ден 54 күнге дейін ұлғайту.

Сондай-ақ, наразылық білдірушілер ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды, Шахтер күніне арналған 100 мың теңге мөлшерінде сыйлықақы төлеуді, ал мерекенің күшін жоюды талап етеді.

Еске салайық, бұдан бұрын «TOTAL E & P Dunga» компаниясының Түпқараған ауданындағы жиырмаға тарта жұмысшысы қысқартуға байланысты президент Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған. Компания қызметкерлерге жаңа жұмыс ұсынылғанын мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары