×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші қаза тапты

15.08.2023, 16:19
көрнекі фото: YouTube

Қорғаныс министрлігі Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде”, – деп хабарлады министрлік.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланған жоқ.

“Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген ведомство хабарламасында.
 

Серіктес жаңалықтары