×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Назарбаевтың моншаласы: генерал Новиков заңсыз иемденген жер мемлекетке қайтарылды

16.08.2023, 09:22
Назарбаевтың моншаласы: генерал Новиков заңсыз иемденген жер мемлекетке қайтарылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы қаласында заңсыз алынған жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

“Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС құрылтайшысы – генерал-майор Павел Новиков. Бұдан бұрын Ulysmedia.kz көркіне көз тоймайтын шатқалдың мың гектарға жуық аумағы генералдың меншігіне қалай өткенін анықтаған еді.

Осынау бірегей жерді халыққа қайтаруға тырысып жүрген депутат Бақытжан Базарбек маусым айында Мәжілістің пленарлық отырысында Алматының 18 кадастрлық нөмірі бар таулары мен ормандары бір заңды тұлғаның жеке меншігіне өткенін мәлімдеп, прокурорлық тексеру жүргізуді талап еткен.

Прокуратура бұл фактіге елең ете қоймады – ешкім депутат айтқан деректі тексерген де жоқ. Заң үстемдігін бақылаушылардан қайыр болмаған соң, заңгер және "Жер аманаты" жер комиссиясының мүшесі Бақытжан Базарбек, депутаттар Ерлан Стамбеков, Сергей Пономарев және Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ташпенбетовпен бірге тауға шығып, қоршауды көріп қана қоймай, жер иесімен де танысқан.