×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда алдағы 5 жылда баспана бағасы қалай құбылады – сарапшы пікірі

17.08.2023, 15:47
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко Алматының баспана нарығында баға қалай құбылатыны жайлы болжамдарды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшы қазақстандықтар үшін тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін қолжетімді ипотекалық бағдарламалар көп екенін атап өтті.

«Пәтерлер қымбат десек те оларды сатып алу мүмкін, әсіресе құлдырап бара жатқан нарықта. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Біз бағаның төмендеуін көріп отырмыз. Қазір құрылыс салушылар келісім шарттармен бәрі дұрыс деуде. Бірақ олай емес. Бағаның нақты төмендеуін байқаған кезде жарнамалық ұсыныстардың саны мен көлемін байқаймыз. Бірнеше құрлыс салушылар шілде айының басында акциялар жариялап - түнгі жеңілдіктер жасады. Бұны баға төмендеуі деп айтпасақ енді қалай атаймыз», – дейді Н. Лукьяненко.

Сондай-ақ, маман тұрғын үй нарығын ұзақ мерзімді перспективада не күтіп тұрғанын айтты.

«Табиғи өсім, көші-қон өсімі, инфляция өсуде, сондықтан менің болжамым бойынша алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі», - деді риеэлтор.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда пәтер жалдау ақысы өскені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары