×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апат: зардап шеккендер саны өсті

17.08.2023, 16:03
"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апат: зардап шеккендер саны өсті
көрнекі фото, ашық дереккөзден

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасында болған өрттен зардап шеккендердің саны алты адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мақажанов атындағы облыстық медицина орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Смағұлова екі адам жансақтау бөліміне ауыстырылғанын мәлім етті.

"Қазіргі уақытта зардап шеккен төрт адам Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар біздің токсикология бөліміне жіберіледі", – деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылып жатыр.Шахтада барлығы 227 адам болған.

Соңғы мәлімет бойынша, 222 қызметкер жер бетіне шығарылды, 5 адам әлі құтқарылған жоқ.

Бұдан бұрын төрт адам ауруханаға жатқызылғаны хабарланған: екеуі – Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі – облыстық медициналық орталыққа.