Qazaq Air әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Активті жекешелендіру "Самұрық-Қазына " АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік конкурс әдісімен жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2023 жылғы 28 қыркүйек", – делінген Qazaq Air баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Авиакомпания Үкімет бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жатады.