×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Баланы ересектердің азаптауы: Алматы облысында жеке балабақшада сәбиді тістелеп тастаған

18.08.2023, 13:51
Баланы ересектердің азаптауы: Алматы облысында жеке балабақшада сәбиді тістелеп тастаған
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Абай ауылында «Жәния» жекеменшік балабақшасында кішкентай сәбиді тістелеп тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зәбір көрген бала небәрі 1 жас 8 айлық екені хабарланды. Құқыққорғаушы Дина Таңсәріге жүгінген ата-ананың айтуынша, сәбиді ересек адам тістеген.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл деректі растады.

“Алматы облысы білім басқармасының берген ақпарынша, бейнебақылау камераларының материалдарын зерделеу кезінде факт расталды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы облысының полиция басқармасы жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Осы жылдың 16 тамызында Қарасай аудандық полиция басқармасында Абай ауылындағы балабақшалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабы бойынша аудандық полицияда дереу тіркеліп, ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар тәрбиешіге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ аталған балабақша директорына қатысты ҚР ӘҚБтК 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды. Полиция өкілдері өзге ақпарат жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ұсынылатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада көшеде қызын аяусыз ұрып-соққан әйелді ата-ана құқығынан айыру талап етілген.