×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

12.10.2021, 21:45
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 12-де сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқандығы туралы хабар келген.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары