×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы өрт: жұмыссыз қалған кеншілер не істейді

21.08.2023, 09:44
gov.kz

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасы қызметкерлерінің басқа кәсіпорындарға ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгінгі таңда шахтаның 672 қызметкері Көмір департаментінің басқа кәсіпорындарына ауыстырылды. Қызметкерлерде шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету және әскерилендірілген құтқарушылардың жұмысына көмек көрсететін адамдар ғана қалды, – деп хабарлады компания өкілі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, "АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқан 5 кеншінің отбасылары алдында міндеттеме алды.

“Барлық қажетті төлемдер жасалады. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды, оның құрамына барлық жауапты мемлекеттік органдар кірді, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары