×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгіннен бастап Алматыда автобус жолақысы өсті

21.08.2023, 11:03
Бүгіннен бастап Алматыда автобус жолақысы өсті
фото: ашық дереккөзден

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 тамыздан бастап «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайтын болады. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.

Еске салайық, Алматы мәслихатының VII сессиясында қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілген болатын.

Шенеуніктердің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, Алматыда жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген. Әкімдік тарифтің өсуі жолдардың жай-күйін жақсартуға, автопаркті жаңартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.