×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақ-қырғыз шекарасында көліктердің қаңтарылуы: ҰҚК түсініктеме берді

22.08.2023, 17:36
көрнек фото: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, қазір шекара қызметі шекара аймағында, сонымен қатар шекаралық өткізу пунктілерінде заңсыз іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

«Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді. Өткізу пунктері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тексеру уақытының регламент нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында» деп мәлім етті ведомстводан.

Бірнеше күннен бері қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр. Бүгінде олардың саны 500-ден асып жығылғаны хабарланды. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары