×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"ҚазМұнайГаздың" кірісі азайды

23.08.2023, 12:02
фото: ашық дереккөзден

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ алты айда қанша табыс тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы компанияның кірісі  3 943 млрд тенге  млрд теңгені (8 726 млн доллар) құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 15,1%-ға төмен.

Кірістің азаюына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 26,2% - ға төмендеуі ықпал еткен.

Бұл ретте "ҚазМұнайГаз" таза пайдасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 36,6%-ға азайып, 492 млрд теңгені құрады.

Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 24,3%-ға – 352 млрд теңгеден (782 млн доллар) 266 млрд теңгеге (589 млн доллар) дейін қысқарған.

Сондай-ақ компанияның қарыздары туралы ақпарат берілген. Жалпы қарыз сомасы 3,9 триллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" мұнай кен орындарындағы үлесін ресейліктерге сататыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары