«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев елімізде АИ-95 бензинінің қорына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның сөзінше, қазір Қазақстанда 85 мың тонна АИ-95 маркалы бензин бар. Бұл 23 күнге жетеді.
«Бір ғана мәселе – логистика мен тасымалдау. Бүгінде техникалық себептерге байланысты Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 бензинін шығара алмаймыз. Сондықтан Атырау мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында шығарып жатырмыз. Осы зауыттарда бензинді қарқынды шығару есебінен жете өндірілмеген көлемді өтеп отырмыз. Бірақ, мәселен батыстан оңтүстікке дейін тасымалдау 2 аптаға жуық уақытта алады. Баланстағы бензиннің 30 пайызы жолда десек те болады», - деді ол.
«ҚазМұнайГаз» өкілі Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 бензинін толыққанды өндіру мәселесі келесі жылдың қаңтар, ақпан айларына қарай толық шешілетінін айтты.
«Бізге зауыттағы бір қондырғыны ғана ауыстыру керек. Ол қазір дайындалып жатыр. Қондырғы ірі тоннажды. Сондықтан оны дайындау мерзімі шамамен – 8 ай. Қаңтар, ақпан айларына қарай қондырғы ауыстыру үшін жеткізілуі тиіс», - деді Дмитрий Макеев.
Айта кетейік, Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, МАЭК-тегі апат және мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуына байланысты елімізде мұнай өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Жоспар бойынша Қазақстанда биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс еді. Алайда, министрдің сөзінше, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.