Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінен.
Еске салайық, 21 тамызда Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында суға кетті. Бұған дейін суға батқан 11 адамның 10-ы жерленгені хабарланған.
ТЖМ Түркістан облысында суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты:
1. 1983 жылы туған әйел
2. 2006 жылы туған қыз бала
3. 2004 жылы туған бойжеткен
4. 2019 жылы туған қыз бала
5. 2015 жылы туған қыз бала
6. 2017 жылы туған қыз бала
7. 2006 жылы туған ұл бала
8. 2009 жылы туған ұл бала
9. 1998 жылы туған әйел.
Табылмаған:
10. 2011 жылы туған ұл бала
11. 2013 жылы туған қыз бала.