×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі заңсыз саудаланбақ болған

24.08.2023, 08:23
Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі заңсыз саудаланбақ болған
фото: ашық дереккөзден

Алматыда көтерме саудада электронды темекіні (вейп) заңсыз өткізудің жолы кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мегаполисте электронды темекіні көтерме саудада заңсыз өткізуге арналған сауда және қойма ғимараттары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге мәліметтер жария етілмеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 1 млрд теңгенің темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз сатпақ болғандар ұсталған.