×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Турловтың Freedom холдингі санкцияны айналып өтті ме: Агенттік мәлімдеме жасады

24.08.2023, 14:30
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Freedom Holding-ке тағылған айыптқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Freedom Holding Corp банк конгломераты әрі сақтандыру холдингі мәртебесіне ие.

«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Брокердің активтері 316,6 млрд теңгені, меншікті капиталы 132,9 млрд теңгені құрады. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті K1 = 9,03 (кемінде 1 стандартымен). Жылдам өтімділік коэффициенттері K2-1 = 1,3, K2-2 = 1,3, K2-3 = 1,3 және K2-4 = 1,3 (стандарт бойынша тиісінше 1, 0,9, 0,8 және 0,5-тен кем емес). Осылайша, брокер барлық белгіленген пруденциалдық нормативтерді орындайды, қаржы жағдайы тұрақты», - деп хабарлайды агенттік.

Агенттік брокер бағалы қағаздар нарығына белсенді қатысатынын, оның үлесіне барлық брокерлер активінің 41%-ы (1-орын), KASE-дегі мәмілелер көлемінің 16%-ы және санының 30%-ы тиесілі екенін қосты.

«Бұл ретте бағалы қағаздар нарығындағы барлық брокердің бөлшек инвесторларын қоса алғанда, клиенттердің активтерінің сақталуы брокерлердің өз активтерінің, өз клиенттерінің активтерінен бөлек есепке алынуы арқылы қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн. Осылайша, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер номиналды ұстауды тіркеу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелу керек. Орталық депозитарий Қазақстан аумағында депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жалғыз ұйым. Брокер клиенттерінің активтерінің сақталуы Қазақстан заңнамасының қолданыстағы талаптарымен де қамтамасыз етілген», - деп атап өтті агенттік.

2022 жылы брокер Ресей резиденттері үшін шот ашу және санкциялық талаптарды сақтау бойынша тексерілген. Агенттік тексеру барысында заң бұзылмағанын анықтаған.

Бұл ретте санкциядағы тауарларды немесе қосарлы мақсаттағы тауарларды төлеу бойынша клиенттердің операцияларын анықтау мақсатында қаржы институттары келесі рәсімдерді жүзеге асырады:

– резидент емес заңды тұлғалармен немесе құрылтайшылары/бенефициарлары резидент еместер болып табылатын заңды тұлғалармен іскерлік қатынастарды орнату мүмкіндігін міндетті түрде бекіту;

– операцияға қатысушыларды онлайн режимде санкция тізімі бойынша тексеру;

– банкте есепке алу шарты тіркелген кезде, жеткізілген санкциялар шектеулері мен жеткізілім аумағын ескере отырып, импортталатын/экспортталатын тауарлар мен қызметтердің, тауарлар мен қызметтердің шарттарын талдау.

 

Еске салайық, бұған дейін американдық Hindenburg Research инвестициялық-зерттеу фирмасы қазақстандық олигарх Тимур Турлов негізгі иесі болып табылатын Freedom Holding компаниясының қызметі туралы тергеу жариялады.

Тергеу барысында Freedom "әлі де Ресейде өз бизнесін жүргізеді және санкциялар мен ақшаны жылыстатуға қарсы ережелерді ашық түрде елемейді" делінген. Атап айтқанда, Freedom Finance санкцияланған банктерден ақша алуға көмектесті, делінген басылымда. 

Бірнеше күн бұрын Турловтың өзі Freedom Holding компаниясы Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деген айыптауларға қатысты жауап берген еді.

Серіктес жаңалықтары