×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шекарадағы борышын өтеген Бекбол Мираштың өлімі: Сот командиріне үкім шығарды

24.08.2023, 14:46
Шекарадағы борышын өтеген Бекбол Мираштың өлімі: Сот командиріне үкім шығарды
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкент гарнизоны сотында Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бекетінде өз-өзіне қол салған сарбаз Бекбол Мираштың ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық істе басты айыпталушы болған аға сержант Айбек Нұртай «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ақталды. Алайда «қызметін асыра пайдаланды» және «ақшаны қорқытып алды» бабымен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, былтыр жазда өз-өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың ісі бір жылға созылды. Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісіне сотталушы сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлев болған жайт бойынша өз нұсқасын айтқан еді. Ол Айбек Нұртаевтың бұл қылмысқа айыбы жоқтығын мәлімдеген.

Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның айтуынша, сот кезінде сараптама тағайындалған.

«Оның қорытындысы мені, яғни жігіттің адвокатын ғана емес, бүкіл жұртты есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама жігіттің ауыз қуысы мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперма) ізі табылғанын анықтады», - деген еді адвокат.