Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы, генерал-лейтенант Болат Баекенов дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
“Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда дүниеге келген.