×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жаңбырдан кейін Астана көшелерін тағы да су басты

25.08.2023, 08:01
фото: Астана әкімдігі

Елордада бір айлық жауын-шашын мөлшері бір кеште жауып, қала көшелерін су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, кеше Астанада жауған жауын-шашынның мөлшері айлық нормадан асып кетті: айлық норма 31 мм болса, 24 тамызда 42 мм жауын-шашын жауды.

Су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынып жатыр, жоба әлі аяқталған жоқ. 

Әкімдік қала бойынша 100-ден астам техника (ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар) жұмылдырылғанын, 200-ден астам проблемалық учаскеде су тасқыны мәселесі шешілгенін мәлім етті.

Айта кетейік, бұдан бұрын нөсерден кейін Алматы көшелері де су астында қалған.

Серіктес жаңалықтары