×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңадан төселген асфальт опырылып түсті

25.08.2023, 14:08
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Алматыда мердігер ұйымның кәріз жүйесіне заңсыз қосылуы салдарынан Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаңа жол төсемі опырылып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалада заманауи өнер мұражайын салу үшін инженерлік желілерді тартумен айналысатын «Парсек ltd» ЖШС мердігер ұйымы қаланың кәріз жүйесіне заңсыз қосылған. Салдарынан әл-Фараби даңғылы бойындағы учаскеде жол төсеміне зақым келді.

Оқиға 24 тамызда кешкі уақытта болған.

«Құбырды (диаметрі 50 см) төсеу жұмыстары - мұражай жақтағы құдықтан жол бойындағы құдыққа дейін қазу әдісімен жүргізілгені анықталды. Бұл ретте қайта жабу кезінде топырақ дұрыс тығыздалмаған, сол себепті жол төсемінің (шеткі жолақ) тұтастығы зақымданған. Мердігер жазаланады және тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Жол төсемі мердігер есебінен қайта қалпына келтірілетін болады. Жолақтың еніне асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын қайта төсеу жұмыстарын жолдың ішінара жабылуымен 26 тамызда сағат 23:00 - ден 06:00-ге дейін жүргізу жоспарлануда», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары