×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан МАГАТЭ-нің үстінен сотқа арызданады

28.08.2023, 10:39
фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі уранның ең ірі өндірушілерінің бірі саналатын Қазақстан МАГАТЭ директорлар кеңесінде дауыс беру мүмкіндігінің жоқтығына наразы және сотқа арыздануға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап. 

"Қырғи қабақ соғыстың" ортасынан бастап әлемдік атом өнеркәсібінің қауіпсіздігін реттейтін ережелерді 35 мүшеден тұратын директорлар кеңесі жабық түрде қабылдап келеді, оған бизнестің кейбір ірі ойыншылары кірмейді", - делінген хабарламада.

Әлемдік уранның бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан ядролық салада шешім қабылдау мәртебесін өзгертуге тырысып, сотқа арыздануға ниетті.

МАГАТЭ ядролық отын банкі орналасқан Қазақстан агенттіктің директорлар кеңесінен шығарылған 17 елдің бірі екені атап өтілді.

Астананың талаптары 25 қыркүйекте Венада өтетін МАГАТЭ-нің келесі бас конференциясында ұсынылмақ.

Серіктес жаңалықтары