×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Еуропа қазақстандықтарға виза беруді жеңілдетуге асығар емес

Бүгін, 14:35
Еуропа қазақстандықтарға виза беруді жеңілдетуге асығар емес
ht.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов қазақстандықтарға Шенген визасын алу тәртібін жеңілдету туралы келісімге жыл соңына дейін қол қойылатынын нақты айта алмады. Оның сөзінше, Еуропалық одақпен келіссөздер әлі де жалғасып жатыр, бірақ бірқатар мәселе бойынша ілгерілеу бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Үсеновтен тараптардың виза құны, өтінішті қарау мерзімі және өзге де талаптар бойынша қандай мәселелерді әлі келісе алмай отырғаны сұралды. Алайда ол келіссөздердің егжей-тегжейін ашып айтпады.

– Көптеген мәселе бойынша еуропалық серіктестермен ортақ келісімге келдік. Қазір нақты мерзімді айта алмаймын, бірақ алдағы уақытта оң нәтиже болады деп үміттенемін, – деді Үсенов брифингте.

Бұған дейін

Еске салайық, қазан айында Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапарынан кейін келіссөздер айтарлықтай ілгерілегенін айтқан.

Ал Германия елшісі Моника Иверсен бұған дейін тараптар виза алу үшін қажет құжаттар тізімін қысқарту жолдарын талқылап жатқанын мәлімдеген.

Қазір қазақстандықтар Шенген визасын алу үшін жұмыс орнынан анықтама, банк шотынан үзінді көшірме, сақтандыру және басқа да құжаттарды тапсыруы керек.

Сізге қызық болуы мүмкін