×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Көкшетауда 50-ге жуық сарбаз ауруханаға түсті

29.08.2023, 10:42
kokshetau.asia

Көкшетауда 23 тамыздан бастап №1 қалалық көпсалалы ауруханаға №5510 әскери бөлімнің 49 мерзімді қызметкері түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауруханаға түскендерге “жедел респираторлық инфекция” алдын-ала диагнозы қойылды. Бес сарбазда менингококк инфекциясы, төртеуінде энтеровирус инфекциясы (ішек ауруы) анықталды.

"Қазіргі уақытта ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Қызметтік тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Медициналық мекеменің директоры Сәкен Қалымжановтың айтуынша, сарбаздарда ауру белгілері бірдей: қалтырау, дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі.

"Бірінші күні бірден алтауы түсті. Біреуі өте ауыр жағдайда болды. Тексеру кезінде денесі құрысып, жүрегі тоқтап қалуға дейін жетті. Бақытымызға орай, реанимациялық шаралар сәтті өтті, қазір науқас реанимация бөлмесінде, есін жиды. Содан кейін күн сайын алты-он адамнан осындай шағымдармен түсе бастады", – деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, сарбаздардың жаппай ауыруына маусымдық инфекция және казарманың толып кетуі себеп болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда 47 сарбаз ауруханада, тағы екеуі әскери бөлімнің амбулаториясында ем алуда.

Серіктес жаңалықтары