Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
6 қараша, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын антициклон анықтайды. Соған байланысты жаңбыр, солтүстіктің кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жекелеген аумақтарда көктайғақ болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Елдің батысында түнде ауа температурасы 0…+7 °С, күндіз +3…+14 °С болады. Солтүстік-батыста түнде −1…−8 °С, күндіз +1…+15 °С.
Солтүстік пен орталықта түнгі ауа температурасы −3…−8 °С-тан +1…+6 °С-қа дейін көтеріліп, күндіз +5…+13 °С-тан +1…+10 °С-қа дейін төмендейді.
Шығыста түнгі температура −3…−8 °С-тан 0…+5 °С-қа дейін, күндіз +3…+8 °С-тан +7…+12 °С-қа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.