×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Олқылықтарды түзетуге тырыспайды": Тоқаев шенеуніктерге шүйлікті

29.08.2023, 13:53
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуде мемлекеттік органдар жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

«Әкімшілік әділетті енгізудің нәтижесінде бүгінде мемлекеттік органдармен арадағы сот дауларында шешімдердің үштен екісі азаматтар мен бизнестің пайдасына қабылданады. Алайда мемлекеттік органдар бұдан тиісті қорытынды жасамайды, олқылықтарды түзетуге тырыспайды. Олар өз деңгейінде шешім қабылдап, сотқа жеткізбеуге болатын істердің үлесі әлі де көп», – деді президент.

Тоқаев үкіметке бизнес-омбудсменмен бірлесіп, алдын алу шараларын қабылдау мәселесін пысықтауды және бұл көрсеткішті мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау шарттарына енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы сот және құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы олқылықтарға тоқталды.

«Азаматтардың сот шешіміне, қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметіне арыз-шағымы көбейіп барады. Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң президент әкімшілігіне арызданады. Осындай өтініштердің саны азаяр емес. Келіп түскен арыздардың сараптамасы соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп екенін көрсетеді. Бұл – аса маңызды мәселе. Оны шешуге сіздер тікелей атсалысуларыңыз қажет», – деді Тоқаев омбудсмендерге.

Президент уәкілдердің жұмысына ешкім кедергі келтірмеуі керектігін, прокуратура, үкімет және әкімдер бұл мәселені күн тәртібінен алу үшін оларға барынша қолдау көрсетуге тиіс екенін айтты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті және Ұлттық орталық қазақстандықтардың көбіне не жөнінде шағымданатын мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары