Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелу шектелмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.
Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауға шығарылып отыр.
Айта кетейі, былтыр Әкімшілік полиция комитеті шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді Қазақстанда біржолғы заңдастыруға рұқсат берілетінін мәлімдеген.