Әртіс Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізуде қиындықтары бар екенін мойындады. Әзілкеш ел билігі оның шоуын ұйымдастыруға қалай кедергі келтіретінін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әртіс бейне хабарлама жазып, онда өзін жеккөретін сыншыларын қуанта алатынын айтқан.
«Олар да кейде қуануы керек, мен шынымен де концерт өткізуде қиындықтар туындайтын жердемін, бір таңқаларлығы, бұл – Қазақстан. Оның үстіне, мемлекеттік деңгейде олар менің Астана мен Алматыдағы концерттерімнің өтуіне кедергі келтіруде», - деді ол.
Галкин өзінің ұйымдастырушыларымен бірге бірнеше айдан бері концерттерін өткізуге рұқсат алуға тырысып жатқанын жеткізген.
«Кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар. Билеттерді сату не тоқтайды, не тоқтамайды. Түсінемін, мен қандай да бір себептермен Қазақстан билігіне қауіп төндіретін сияқтымын, олар менің концерттерімді өткізуден сескенетін сияқты. Қазіргі уақытта менің концерттеріме тыйым салынған», - деп шағымданды Максим.
Танымал әзлікеш «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» және осы оқиғаға өкінетінін айтты.
Еске салайық, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, елден кетуге мәжбүр болған. Ресейде оған шетелдік агент мәртебесі берілді.
Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей басшылығының кейбір шешімдерін келемеждеді.
Алла Пугачева күйеуінің артынан Израильге барған. Күзде ол балаларына оралды.