×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда IT-мамандардың табысы қанша

31.08.2023, 18:01
tengrinews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық IT-мамандар метталургтер, байланысшылар мен қаржыгерлерден көбірек табыс табатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, IT сарапшылары орта есеппен 842 мың теңге, біліктілігі жоғары мамандар 2 млн теңгеге дейін алса, тау-кен өндіру өнеркәсібінде жұмыс істейтіндер 747 мың теңге, қаржы және байланыс секторындағылар 642 мың теңге табады.

Ведомство мәліметі бойынша, қазір IT-салада білікті кадрлардың тұрақты тапшылығы бар. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары аналитикалық баяндаманы сипаттай отырып, ақпараттық технологиялар саласында тек бастауыш деңгейдегі Junior-мамандар (жұмыс тәжірибесі жоқ немесе қысқа мерзімді тәжірибесі бар жаңадан бастаушылар)  шамадан тыс көп екенін айтады. Бірнеше жылдық тәжірибесі мен табысты жобалары бар Middle (орташа тәжірибе) және  Senior (тәжірибелі сарапшылар) деңгейіндегі  мамандар арасында бәсеке төмен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ ол жуырда елорданың кейбір аудандарында интернет сапасының нашар болуы себебін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары