×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Cтандартты мөлшер": Әбілқасымова қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты

01.09.2023, 12:57
Ulysmedia.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  төрағасы Мәдина Әбілқасымова қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парламент кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі Әбілқасымовадан жалақысының көлемін сұраған.

"Мен бұл сұраққа жауап бермеймін. Менде барлық басшылар алатын стандартты [жалақы] мөлшер", - деп жауап берді ол.

Тілшіміз агенттік басшысынан ҚР басшылары жалақысының стандартты мөлшері қанша екенін сұрады.

"Менің түсініктеме бермеуге құқығым бар", – деп қысқа қайырды Әбілқасымова.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтқалиевтің командасы "Самұрықта" 400 млн теңгеден астам сыйақы алғаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары