×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ернар Баспаев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

02.09.2023, 08:15
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ернар Баспаев1979 жылы туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған. 2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, 2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болған. 2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі, 2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан президентінің көмекшісі – өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары