Ресей Әділет министрлігі «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратовты шетелдік агент деп таныды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Сондай-ақ, бұл қатарда журналистер Ксения Ларина (Оксана Баршева), Денис Катаев, стенд-апшы Руслан Белый, диссидент Олег Радзинский, Санкт-Петербург заң шығарушы жиналысының экс-депутаты бар.
Сонымен қатар «Жаңа тывалар» қозғалысы да тізімге енді.
2021 жылдың қазан айында Дмитрий Муратов Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған. Сыйлықтың жалпы сомасы 40,2 миллион рубльді құрады - бұл ақшаның барлығы «Дом с маяком» балалар хосписіне, «Өмір сыйла», «Жақсылық шеңбері» және «Вера» қорларына аударылды.
«Шетелдік агент» - Ресейде шетелдік қолдауды алатын немесе «шетелдік ықпалда» болған адамдарға берілген мәртебе. 2012 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Федералдық заңға түзетулер қабылданғаннан кейін пайда болды.