Kick шолушысы қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сарапшының пайымынша, жерлесіміз кәсіби спортшы Камару Усманмен бәсекеге түсе алады.
«Қазақ нигериялықпен жұдырықтасуды армандауы керек, мұндай жекпе-жектегі жеңіс оны бірден дивизиондағы №1 үміткерге айналдырып, Белал Мұхаммедті тағы да мәңгілік екінші орынға итермелейді», - деді бақылаушы.
Бұған дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі ведомствоның аралас жекпе-жек түрлерін көрсетуге шектеу қойып жатқанын айтқан болатын.