×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Шымкентте зейнеткер бірінші сынып оқушысының бетінен ұрды

13.10.2021, 22:49
Фото: ашық дереккөз

Егде жастағы әйел бірніші сынып оқушысының бетінен ұрды. Ол бұл әрекетке бару себебі бетінен ұрған бала немересін ренжітуі екенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, бірінші сынып оқушысының ата-анасы полицияға шағымданған. Тергеу амалдары екі айға созылып, іс сотқа жіберілді.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрдан егде жастағы әйел бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған сәтін көруге болады. Бұл жағдай биыл тамыз айында болған. Балалар ол кезде мектепке дайындық сыныбында болған. Сыныптастар арасында дау-дамай басталып, соның бірі әжесіне барып шағымданған. Әжесі сыныпқа кіріп келіп, немересін ренжіткен балаға айғай салып, бетінен ұрған. Мектеп директорының айтуынша, мұғалім әжені тоқтатып үлгермей қалған.

«Мұғалім оған сыныпқа кіруге рұқсат етпеген, бірақ зейнеткер оны тыңдамаған. Біз оны тоқтатып үлгермедік. Баланың бетінде оның қолының ізі қалды. Оның қолында сақина болған, сол сақинаның ізі қалды деп ойлаймын», — дейді «Жас Дарын-2» мектеп директоры Пернебай Беделов.

Полиция департаменті зейнеткерге «ұрып-соғу» бабы бойынша айып тағылғанын хабарлады. Іс сотқа жіберілді. Оған 30 мың теңге көліменде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Оның жасын ескере отырып, сот айыппұл салумен шектелуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары