×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Нұртілеу мен Лавров Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының келешегін талқылады

03.09.2023, 14:40
Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екеуара әңгіме барысында екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

«Сыртқы істер ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен келешек перспективаларын, соның ішінде өңірлік халықаралық ұйымдарға қатысуға қатысты мәселелерді талқылады», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ әңгіме барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін келісті.

Наурызда Лавров Үндістанда «Ресей соғысты тоқтатуға тырысып жатыр» деген-ді.

Серіктес жаңалықтары