Қыркүйектің 4-і мен 6-сы аралығында Ақтөбе қаласының барлық аумағында ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қыркүйектің 4-і мен 6-сы аралығында бүкіл Ақтөбе қаласында ыстық судың тоқтатылуы «Ақтөбе су-энергетикалық тобы» АҚ және «ЖЭО» АҚ жыл сайынғы күзгі магистральдық және орамішілік жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізумен байланысты.
“Ыстық су 7 қыркүйектен бастап қайта беріледі”, – деп жазды ведомстводан.