×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған экс-депутат Елеуовтің қайда кеткені белгілі болды

04.09.2023, 11:07
фото: ашық дереккөзден

Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты болған Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханасында дәрігер қызметінен бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін атқарған.

2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерінде болды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап – Парламент Мәжілісінің 7, 8-шақырылымдарындағы депутаты.

Серіктес жаңалықтары