×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

01.09.2023, 13:43
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Мәжілістің сегізінші шақырылымының екінші сессиясының бірінші жалпы отырысы кезінде ОСК өкілі мәжілісменнің өз мандатын тапсыру ниеті туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Ғ Елеуовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары