Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.
Тоғыз бөгет тұрғызылып, 100% толтырылған. 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
«Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда. Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды», - дейді Жанна Дәуренбекова.
Еске сала кетейік, 17 тамызда болған өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кеншінің де қаза тапқаны расталған.
Олар:
1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.