×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Украинаға 1,5 жылда 100 млрд доллардың әскери көмегі көрсетілген

04.09.2023, 17:23
фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы ақпанның аяғынан бері Украинаға 100 млрд долларға жуық әскери көмек берілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елдің экс-қорғаныс министрі Алексей Резников қызметінен кетпес бұрын «Укринформ» агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Украинаға халықаралық әріптестері ұсынған көмектің жартысынан астамын, шамамен 60 миллиард долларын АҚШ берген.

Батыс елдері Украинаға әскери көмек беруді жалғастыруға ниетті. Киев олардан қарудың жаңа түрлерін, соның ішінде ұшақтар мен орта қашықтыққа арналған зымырандар сұрап отыр. Алайда сарапшылардың кейбірі Киев биыл жаздағы қарымта шабуылда айтарлықтай нәтиже шығармаса, әскери көмек азаюы мүмкін екенін ескерткен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Зеленский Украина соғыста жеңілсе, Ресейдің барлық көршісіне қауіп төнетінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары