×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанда долларлы миллионерлер саны қанша

05.09.2023, 08:42
фото: ашық дереккөзден

UBS қаржы холдингі ұсынған әлемдік әл-ауқат туралы есепте Қазақстанда 57,965 долларлық миллионер бары атап көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ, Қазақстанның ең бай тұрғындары қатарында (байлығы 500 миллион доллардан жоғары) 48 адам бары айтылған.

UBS есебінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда:

  • 189 адам 100 миллионнан 500 миллион долларға дейінгі байлыққа иелік етеді.
  • 297 адамның 50 миллионнан 100 миллион долларға дейін активтері бар.
  • 2,605 қазақстандықтың активінде 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін АҚШ доллары бар.
  • 4,115 азамат 5 миллионнан 10 миллион долларға дейін байлыққа ие.
  • 50,711 қазақстандықтың бір миллионнан бес миллион долларға дейінгі активтері бар.

Бұған дейін Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады.

Тізімде Қазақстан азаматтарына да орын табылды.  KAZ Minerals Ltd президенті әрі акционері Владимир Ким 591-орынға жайғасқан. KAZ Minerals тобының құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымшақ алтын мыс кеніші және РФ-дағы Баим кен орны кіреді. Оның байлығы 3,6 миллиард доллар екені хабарланды, өткен жылы 2 миллиард долларға бағаланған.

Жалпы тізімдегі 636 орынды Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев бөлісті. Журнал мәліметінше, олардың байлығы 1 миллиард долларға артқан.

Тимур Турлов (Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері) 1292-орыннан 949-орынға көтерілді. Оның байлығы 2,4 миллиард доллардан 3,1 миллиард долларға дейін өсті.

Болат Өтемұратов рейтингте 1104-орынға төмендеді – оның дәулеті 2,8 млрд доллардан 2,7 млрд долларға дейін ортайған.

Kaspi Bank иелерінің бірі Вячеслав Ким әлемдік рейтингте 1513-тен 787-орынға көтерілді. Оның кірісі бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. Егер өткен жылы Кимнің табысы 2 миллиард долларды құраса, биыл 3,6 миллиард долларға жетті.

Сондай-ақ, Kaspi Bank-тің тағы бір иесі Михаил Ломтадзе де  Forbes тізімінен көрінді. Ол Грузия азаматы, бірақ Қазақстанда тұрады және жұмыс істейді. Оның кірісі бір жылда 1,9 миллиард доллардан 3,6 миллиард долларға дейін өскен.

Серіктес жаңалықтары