×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбені өткір газ иісі жайлады: уланған тұрғындар ауруханаға түсті

05.09.2023, 09:26
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары газға уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған.

Алдын-ала анықталғандай, Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы толығымен тоқтап қалғаннан кейін оны жөндеу бойынша жоспарлы ажырату жүргізілген. Газ тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылғаннан соң талапқа сай, жүйеге өткір иісі бар «одорант» деп аталатын газ жіберілген. Осыдан кейін халықтан шағымдар түскен.

Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ. Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Басқа зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша экология, СЭС және Төтенше жағдайлар департаменті уақытылы хабардар етілді. Жағдай бақылауда, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары