×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

14.10.2021, 08:47
Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады
фото: Ашық дереккөзден

Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі еліне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі саналады. 2020 жылы бұл елге ҚР-да өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді, дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.

QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айналысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.

Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады. Өйткені иелері олардың сақталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда қазір проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артады.