×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ақтауда салынып жатқан ғимараттың бір қабаты опырылып түсті

06.09.2023, 08:32

Маңғыстау облысында құрылысы жүріп жатқан ғимараттың бір қабатының құлаған сәті таспаланған видео желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстың мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасының мәліметінше, оқиға 3 қыркүйекте, 29а шағын ауданда болған.

Облыс әкімдігі ғимаратта плиталардың құлауына қатысты түсініктеме берді.

Шенеуніктердің мәліметінше, құрылыс объектісін салушы – "Caspian Mega Construction" ЖШС.

“Тексеру барысында облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторы құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының,  конструкциялары мен жабдықтарының жобалық шешімдер мен мемлекеттік нормативтерге сәйкестігіне тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл ғимараттардың беріктігін, тұрақтылығын, тірек және қоршау құрылымдарының сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз етуге қатысты. Плитада көлденең немесе қиғаш жарықшақ болғандықтан, ол құлады. Жоғарғы тақтайшаның құлауы төменгі тақталарды құлатты", – деп түсіндірді басқарма.

Серіктес жаңалықтары