×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Ертең Астанада бұрын-соңды болмаған кептеліс болуы мүмкін

06.09.2023, 17:13
фото: ашық дереккөзден

Елорда әкімдігі 7 қыркүйекте өтетін футбол матчына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, ертең "Астана Арена" стадионында сағат 20:00-де ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді.

"Бұл біздің команда үшін Еуро-2024 чемпионатына жолдама алу үшін шешуші матчтардың бірі болмақ. Қазірдің өзінде 30 000-ға жуық билет сатылып үлгерді. Стадионға аншлаг болады деп болжанып отыр. Ойын "Астана Арена" стадионында өтетіндіктен, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында кептеліс болуы мүмкін", – делінген хабарламада. 

Көлік кептелісін болдырмау үшін әкімдік жүргізушілерден бағытын алдын-ала жоспарлауды сұрады.

Айта кетейік, бұдан бұрын LRT құрылысына байланысты Астанада Сығанақ көшесі қысқа дейін жабылатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары