Көлік саласы пандемиядан кейін қалпына келіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Көлік саласындағы 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы шықты. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 100,1% құрады, дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Транзиттік контейнерлік тасымалдарда 795,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталып, өсім 28% құрады.
Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,77 млрд тонна немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 97,8% болды (2020 жылғы қыркүйек айында - 2,84 млрд тонна).