×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Оқушылар еденде айқайлап жатты: Желідегі видеодан кейін Көкшетауда мектеп директоры жазаланды

08.09.2023, 11:58
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының дәлізінде болған жағдайдың видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Оқушылар оқу орнының дәлізінде кептеліп, бірін-бірі таптап кете жаздаған. Кадрлардан балалардың еденде құлап, айқайлап жатқанын көруге болады.

Ата-аналар осы оқиғаға қатысты өз шағымдарын жазып жатыр. Олардың сөзінше, оқушылар сабақ басталар алдында мектеп алдында жиналады, содан кейін бір ғана есік ашылып, қаумалаған оқушы түгел ішке қарай ентелейді.

Ақмола облысы білім басқармасы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Басқарма мәліметінше, Көкшетау қалалық №1 мектеп-гимназиясында екі ауысымда 2 866 бала оқиды. Білім беру ұйымы үш ауысымның қатарына жатпайды. Сабақтар штаттық режимде өтіп жатыр.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен кейін Ақмола облысының білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Бұл дерек сабақтар аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сынып оқушылары оқу кабинеттерінен бір уақытта шыққан кезде туындағаны анықталды. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін реттеді. Қажетті шараларды уақтылы қабылдамаған мектеп басшылығы тәртіптік жазаға тартылды», - деп мәлім етті ведомство.

Серіктес жаңалықтары