×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Биыл тұрмыстық қалдықтарды төгудің 20-дан астам дерегі анықталды

09.09.2023, 10:22
Биыл тұрмыстық қалдықтарды төгудің 20-дан астам дерегі анықталды
Ашық дереккөз

Еліміздің аумағында сұйық-тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 200-ге жуық полигон жұмыс істейді. Алайда ассенизаторлардың кейбір жүргізушілері өз пайдасын ойлап, қоқыс пен нәжісті қалалардың кәріз желілеріне ағызады, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz мәліметінше, салдарынан өсімдіктер уланып, кәріз жүйелері бітеліп, ыстық күндері жағымсыз иіс шығарып, тұрғындардың мазасын алады. IІМ әкімшілік полиция комитеті қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде жұртшылықпен тығыз байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында экологиялық құқық бұзушылықтар анықталып жатыр.

“Елордада тұрып, ассенизаторлар нәжісті орталық кәріз жүйелері мен орман алқаптарына ағызып жіберетінін байқай бастадым. Полиция жұмысының сервистік модельге көшуі туралы біліп, ІІМ-ге eOtinish арқылы жүгіндім. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдың арқасында қалдықтарды төгу жәйттерін азайттық. Біз жүргізіп жатқан жұмыс қаланы және экожүйені абаттандыруға оң әсер ететініне сенімдімін”, – деді Астана қаласындағы KazEcoPatrol ҚБ филиалының басшысы Нұрбол Тұтанов.

Жыл басынан бері 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлығы бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда. Өз құзыреті шегінде полиция қызметкерлері осындай құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 505-бабы “Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу” бойынша жауапқа тартады.

“Бұл бап бойынша санкция 20-дан 30 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Республика бойынша осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 130 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның 12 мыңы Астана қаласында және 17 мыңы Алматы қаласында, Қарағанды облысында 18 мыңға жуығы, – деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов. Полиция жұмысының сервистік моделге көшуіне байланысты ІІМ келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қоюға аса мән береді. Сондықтан азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын бұзушылармен күресте белсенді болуға, анықталған құқық бұзушылықтар туралы дереу “102” арнасына хабарлауға, мүмкіндік болса, дәлел ретінде пайдалану үшін бейнежазбаға түсіруге шақырамыз. – Қоршаған ортаға ұқыпты қарап, экологияға бірге қамқорлық жасайық”, – деді Асылбек Ыдырысов.