×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Сенсация: Қазақстан футбол командасы Солтүстік Ирландияны тізе бүктірді

10.09.2023, 19:57
Фото: Ақорда

Қазақстан құрамасы бүгін "Астана Аренада" Еуро-2024 аясында Солтүстік Ирландия командасымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тартысты ойында ұлттық құрама 1:0 есебімен қарсылас команданы тізе бүктірді. Матчтағы жалғыз голды 27-ші минутта Максим Самородов салды. Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен өз тобында екінші орынға көтерілді. Десе де Дания мен Словенияның бір ойыны кем. Дания Финляндиямен, Словения Сан-Мариномен кездескенде рейтинг өзгеруі әбден мүмкін.

Ойынды бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалады. Мемлекет басшысының жанында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен боксшы Геннадий Головкин отырды. 

Серіктес жаңалықтары