×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Буллинг, зорлық-зомбылық, суицид: Қазақстанда балаларды қорғау шаралары бекітілді

11.09.2023, 14:49
Буллинг, зорлық-зомбылық, суицид: Қазақстанда балаларды қорғау шаралары бекітілді
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысы қол қойған құжат шеңберінде:

  • облыстар, аудандар және қалалар бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады, онда балалар арасындағы құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық және қорлау фактілері, сабаққа келмеу және т.б. туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Бұл «дағдарысты басқару» әдісін қолдана отырып, сапалы мониторинг жүргізуге және шұғыл көмек көрсетуге көмектеседі.
  • Финляндия тәжірибесі негізінде білім беру ұйымдары үшін онлайн сауалнамалар, тақырыптық сабақтар, әңгімелесу және сабақтан тыс іс-шаралар өткізуді көздейтін буллингке қарсы бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр.
  • Зорлық-зомбылыққа, қорқытуға не кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі бекітіледі
  • Кейс-менеджмент тетігін қолдану арқылы мектепішілік есепке алуды жүргізу тәсілдері өзгертілетін болады.
  • Балаларға арналған BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығын құру, мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізу, сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру үшін еліміздегі TikTok, Instagram, Facebook, Вконтакте және YouTube платформаларының өкілдерімен жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
  • Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ өзіне қол жұмсау фактілері мен әрекеттері айтарлықтай төмендейді деп күтілуде. Бұл ретте балаларды қорғау және олардың бос уақытын қамту деңгейі артады.
  • Жоспарды іске асыру барысында республикада қосымша 1000 педагог-психолог пен 2000 әлеуметтік педагог даярланады.
  • Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін, біліктілігін арттыру шараларымен қамтылған педагогтердің үлесі жыл сайын 33%-ға артады.

Еске салайық, халыққа жолдауында Тоқаев кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырған.